Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында коронавирустан алғаш адам өлімі тіркелді.

«Ресейлік «Байқоңыр» ФМБА кешені аймақтық басқармасының мәліметі бойынша, 2020 жылғы 18 маусым сағат 16:00-дегі жағдай: Байқоңыр қаласында вирус жұқтырғандар саны – 56; ауруханадан шыққандар саны – 10; амбулаториялық емдеуге жіберілгендер саны – 7; қайтыс болғандар саны – 1″, – делінген COVID-19 таралуы туралы анықтамада.

Қайтыс болған адамның ғарыш айлағында жұмыс істеген-істемегені туралы мәлімет жоқ.
18 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустан 105 адам қайтыс болған.

Тағы да оқыңыз: