Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының Байқоңыр қаласы және іргелес Ақай мен Төретам елді мекендерінің әр саладағы әйелдер қауымы атап айтқанда, еңбек ардагерлері, мәдениет саласы, педагогтар, дәрігерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері және кәсіпкерлермен «Ана өмір шуағы» атты кездесу өткізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Аталған шара  ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестінің ұйымдастыруымен өтті.

Кездесуге ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов қатысып, меймандарға зор алғысын білдіріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы көрсеткіштерімен, жетістіктерімен және алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, қазіргі заманда әйелдердің отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін таба білетін және мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтерді атқаратын әйелдер қауымының орасан рөлін атап өтті.

Кездесуге пандемия кезінде алдыңғы қатарда қызмет көрсеткен медицина және құқық қорғау органдары қызметкерлері, білім саласы өкілдері қатысып, ұйымдастырушылар тарапынан олардың зор еңбектерін бағалап, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетілді.  

Сондай-ақ өңірде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың «Қорған» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұргүл Байқазақова, «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Байқоңыр филиалының төрайымы Қанымша Сыражанова және қаланың дамуына өз үлесін қосқан іскер әйелдер қатысып, тілек-талаптарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: