Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұртай Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

Республикалық және облыстық бюджет қаражат есебінен ауданда күрделі және ағымдағы жөндеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Балалар демалыс лагерінің құрылысын аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 783,3 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жалғасын табуда.

Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысына да биыл республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылысы жүргізілуде. Байқоңыр қаласының сумен жабдықтау және су беру жүйелерін реконструкциялау бойынша су бұру құрылысының бірінші кезеңіне республикалық бюджеттен 773 млн теңге қаржы бөлінді.

Төретам кентіндегі ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен 20 көшенің орташа жөндеу жұмыстары да басталды.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және аз қамтылған көпбалалы отбасыларына коммуналдық тұрғын үй қорынан 10 тұрғын үй сатып алынатын болады.

Тағы да оқыңыз: