Kyzylorda-news.kz. Қызылордада мыс  өнімдерін  ұрлағандар ұсталды.

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Байқоңыр ғарыш аймағының алаңынан 30 келіге жуық мыс өнімдерінің  ұрланғандығы жөнінде полицияға арыз түсті.  

Арыз түскеннен жедел іздестіру жұмыстарына кіріскен  полицейлер  ұрлыққа күдікті Байқоңыр қаласының 2 тұрғынын ұстады.  

Бүгінгі күні күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлігімен   (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталып, істің мән-жайлары анықталуда. Полицейлер күдіктілерді басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Тағы да оқыңыз: