Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданы Бәйгеқұм елдімекенінде орналасқан «Ханқожа» көлінде рейд жүргізілді.

Аталған іс-шараға Шиелі ауданы азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» Жедел құтқару жасағы қызметкерлері және Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының су көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы А.Қожаниязова қатысты.

Шара барысында қайықты жүргізу кезіндегі ережелер түсіндірілді. Сонымен қатар демалушылар арасында жеке құтқару құралдарын дұрыс пайдаланбағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  кодексі бойынша әкімшілік жауапкершіліктері қаралды.

Сондай-ақ, қызметкерлер тұрғындарға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында бөлім қызметкерлері су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері тақырыбында  арнайы дайындалған  400-ден аса үнпарақтарды демалушыларға таратты.

Тағы да оқыңыз: