Ауыл мұғалімдерінің жалақы алу жүйесі өзгертіледі – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Ауыл мұғалімдерінің жалақы алу жүйесі өзгертіледі

05.06.2020, 10:20

1306 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ауылдарда мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгерту ұсынылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты азайту мәселесі үнемі назарда. PISA рейтингі арқылы тек ауыл мен қала емес, өңір мен өңір арасындағы үлкен алшақтықты көріп отырмыз. Бұл, әрине, кешенді шара қабылдауды қажет етеді. Ауыл мен қаланың қашықтығын айтқанда, ең алдымен мұғалім тапшылығы мәселесі көрінеді. Сондықтан, Мемлекет басшысы тиісті тапсырма беріп, ауылда істейтін мұғалімдердің жалақы алу жүйесін өзгертуді ұсынды. Бұл неге маңызды? Өйткені, білім саласында бір ставка – 18 сағат. Ал шағын жинақталған мектептерде 18 сағат болмайды, бір сынып екінші сыныппен қосылып оқиды немесе бала саны аз. Сондықтан да, 4-6 сағат үшін мұғалім ауылға бармайды. Мұғалім болмағасын, білім сапасы да болмайды», – деп түсіндірді министр.

Министрдің айтуынша, ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою үшін басқа шаралар қолданылады. Соның ішінде бірнеше жақын пәннің мұғалімдерін даярлау, еңбекақы жүйесін өзгерту, оқу-материалдық базаны нығайту, сапалы интернетпен қамтамасыз ету шаралары қолға алынып жатыр.

Aikyn.kz

0

Пікір қалдыру