Kyzylorda-news.kz. Әли Бектаев «Ауыл» ХДПП республикалық штабының кеңсесінде ТМД Байқаушылар миссиясының штабымен кездесті.

Байқаушылар штабының өкілдері Е.В. Козяк және В. С. Падюнастің үгіт-насихат науқанын өткізу бойынша қойған сұрақтарына жауап берген «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев үгіт-насихат жұмыстары барлық өңірлерде қарқынды жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда әртүрлі деңгейдегі депутаттыққа кандидаттар белсенді түрде халықпен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша еңбек ұжымдары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр.

«Ауылдан ауылға» акциясы аясында шалғайдағы ауылдарды аралауда. Жалпы 630 000 үгіт материалдары таратылып, 1630 ауылға аттанды. Партияның әрбір үміткерінің кездесу кестесі өте мазмұнды»,-деді ол.

Тағы да оқыңыз: