Kyzylorda-news.kz.  Шиелі аудандық пробация қызметі есепте тұрғандардың тарапынан қайта қылмыстың алдын алу мақсатында жан-жақты ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Осы тұрғыда аудандық пробация қызметі шалғай елді мекендерде, ауылдық жерлерде тұратын сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша, ауылдық округі әкімінің, учаскелік полиция инспекторының, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағаларының қатысуымен жиындар өткізуді бастады.

Осындай кездесу Шиелі ауданы Тәжібаев ауылында өтті. Бұл ауылда алты азамат қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрімен сотталып, пробация қызметінің есебіне алынған. Осы азаматтарға ауыл әкімі Ә.Сәрсенбаев, ақасақалдар кеңесінің төрағасы Х.Тұрсынбек және пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қ.Байгенжеев тәрбиелік мәні бар, терең ойлы, мән-мағыналы әңгімелер айтты.

Жиналысқа қатысқан сотталған азаматтар жүргізілген тәрбиелік әңгімелерден нәр алып, өздерінің жасаған қылмыстарына өкініп, ауыл атына кір келтіргенін жеткізіп, алдағы уақытта қайталамауға сенім білдіріп, үлкендердің тілін алып ізеттілік көрсетті.

«Аталған іс-шараны алдағы уақытта барлық ауылдарға өткізу жоспарланып отыр. Ауыл ақсақалдарының, олардың туған –туыстарының танымдық, тәрбиелік әңгімелері олардың қайта қылмысқа бармауына септігін тигізеді»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Б.Сүлейменов.

Тағы да оқыңыз: