Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Қазалы» газетінің бас редакторы Есет Табынбаев бастаған журналистермен кездесті.

Кездесуде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап редакция ұжымын «Қайырымдылық керуені» республикалық конкурсында жеңіп алған «Қайырымдылық тарихы» номинациясымен құттықтады.

«Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық ол – қайырымдылық. Осындай азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятын, жаны жайсаң мейірімді жандарды қоғам назарынан тыс қалдырмай дәріптеу, насихаттау, қолдау мақсатында өткізілген байқау жеңімпаздарының қатарынан табылған Сіздердің ұжымға шығармашылық табыс пен мол жетістік тілеймін. Бұл ауданның да ортақ абыройы.
Шынымен де кешегі пандемиямен күрестегі 2 жыл барлығымыз үшін үлкен сынақ уақыты болды. Осы кезеңдерді халық «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, ұйымдасып, уақытша қиыншылықты бірге еңсерді. Оның ішінде қайырымдылық бағытында ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылды. Осы жұмыстардың ұйытқысы болып әрдайым алдыңғы қатардан табылдыңыздар. Сол уақытта ауданда өткізілген барлық шараларды, оның ішінде қайырымды азаматтарды ел ішінде насихаттап, атсалыстыңыздар. Ұжымды бүгінгі жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да еңбектеріңіз жана берсін дейміз. Отбастарыңызға береке-бірлік, зор денсаулық, қызметте мол табыс тілеймін», – деді аудан басшысы.

Кездесуде аудандық «Қазалы» газетінің редакторы Есет Табынбаев редакция ұжымының жетістігін елеп, құрмет көрсетілгеніне дән риза екендігін жеткізді.

Басқосуда редакция ұжымы аудан әкімінің «Құттықтау хатымен» марапатталып, сый-сияпат табысталды.

Тағы да оқыңыз: