Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 17 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: