Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар жауады.

Оған қоса, еліміздің басым бөлігінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, оңтүстікте найзағай жарқылдайды.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады.

Тағы да оқыңыз: