Ауа райы: Қызылорданың көп бөлігіне тұман түседі – Kyzylorda News
Басты бет

Ауа райы: Қызылорданың көп бөлігіне тұман түседі

20.01.2022, 9:00

323 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде нөсер жауын мен қар жауады. Тек солтүстік-батыс, солтүстік облыстар антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде желдің екпіні 23-28 метр болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың тау және тау бөктерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.