Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың кейбір бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстікте, оңтүстікте жауын мол көлемде жауады.

Республиканың жекелеген аймақтарында осы күні найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жауады.

Қызылорда облысында түнде және таң ата кей жерлерде найзағай ойнап, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Тағы да оқыңыз: