Kyzylorda-news.kz. 29 мамыр күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек батыста циклонның ықпалымен, ал оңтүстікте атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың кей жерлерінде жел көтеріледі, оңтүстікте және батыста желмен бірге шаңды дауыл тұрады, батыста және қиыр солтүстікте тұман болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, күндіз 15-20 м/с екпінде жел күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Сондай-ақ күндіз Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Тағы да оқыңыз: