Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, еліміздің бірқатар өңірінде бүгін жауын жауады, жекелеген аудандарда ол мол көлемде жаууы ықтимал. Тіпті найзағай ойнап, күшті жел тұруы, бұршақ жаууы да мүмкін. Республиканың бірқатар бөлігіне тұман түседі.

Қызылорда облысында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз 15-20 метр болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін барады. Жел артынан бұршақ жаууы мүмкін.

Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.

Тағы да оқыңыз: