Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 6 сәуірде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Айта кетейік, дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
