Ауа райы: Қар жауып, көктайғақ болады – Kyzylorda News
Басты бет

Ауа райы: Қар жауып, көктайғақ болады

18.12.2021, 9:00

461 0

Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 18-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның көп өңірінде ауа райы бірқалыпты болмайды. Бұған Солтүстік-батыс циклонына байланысты өтетін атмосфералық ауа ағындары ықпал етеді. Қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғып, елдің солтүстік бөлігінде боран болады.

Батыста ауа температурасы түнде -5+2, күндіз -3+5 градус болады. Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз -3+2 болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-8 аяз, шығыста 5-15 градустан 0-10 градусқа дейін аяқ, күндіз 0-10 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнле -5+2, күндіз 2-13 градус жылы болады.

0

Пікір қалдыру