Kyzylorda-news.kz. Қызылорда әуежайы табиғи монополиялардың субъектісі бола тұра, “FlyArystan” компаниясының “Алматы-Қызылорда-Алматы” бағыты бойынша авиарейстерін қабылдаудан бас тартқан.

Осыған байланысты уәкілетті орган тексеру жүргізіп, әуежай тарапынан бұл сұрау негізсіз бас тартылғаны анықталған.

«Аталған мәселе сотта қаралып, әуежай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 622 272 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасында аталған қаулыға шағым қаралып, өзгеріссіз қалдырылды», – делінген Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының таратқан хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Тағы да оқыңыз: