Kyzylorda-news.kz. «Туған елге тарту» атты «Ауыл күндері» байқауын Тұран, Еңбекші ауылдары ұйымдастырды.
Фестивальде ауыл өнерпаздары әннен шашу шашуып, мың бұрала биледі. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін көрмелер ұйымдастырып, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленсе, жас спортшылар өздерінің машықтанған спорт түрлері бойынша дайындықтарын көрсетіп, жиылған жұртты тәнті етті.
