Kyzylorda-news.kz Ауқымды рейд барысында елордалық полицейлер 34 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол өлген малдың етін өңдеп, жаңа сойылған ет ретінде саудалаған. Қазіргі уақытта өнім сараптамаға жіберілді. Бұл туралы maskara_news инстаграм парақшасы хабарлады. 

Құқық қорғау органдары мал ұрлығы, заңсыз ет саудасы және ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілерін тексеруде. Әсіресе, қала шеттеріндегі базарлар, сою пункттері және ет тасымалдайтын көліктер қатаң бақылауда.

Рейд кезінде «Еуразия-1» сауда орталығы мен «Күйгенжар» бекетінде қажетті құжаттары жоқ етті заңсыз тасымалдаудың үш жағдайы анықталды.

Тексеру науқаны наурыз айының соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар, полиция халықтың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Фото: freepik.com

Тағы да оқыңыз: