Асхат Аймағамбетов: Кейбір университеттер оқытушы жалақысын көтеру тапсырмасын орындамай отыр – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Асхат Аймағамбетов: Кейбір университеттер оқытушы жалақысын көтеру тапсырмасын орындамай отыр

20.10.2020, 11:20

96 0

Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі кейбір жоғары оқу орындары Мемлекет басшысының оқытушылар жалақысын көтеру тапсырмасын орындамай отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалақыны 25 пайызға өсіру тапсырмасы болған еді. Университеттердің басым көпшілігі бұл тапсырманы дұрыс деңгейде орындады. Кейбір университеттер толық орындамаған. Осы университеттердің Директорлар кеңесі төрағаларына тапсырма беремін. Алдымыздағы ең бірінші Директорлар кеңесінің отырысында қарап, тиісті шешім қабылдап, бұл мәселені жабу керек. Әсіресе педагогикалық бағытта білім беретін университеттер. Педагогикалық университеттерде жалақының өсуі басқа университтермен қарағанда әлде қайда көбірек болуы тиіс. Неге? Өйткені, Президенттің тапсырмасы бойынша осы педагогикалық университеттерде оқу құны, бюджеттен беріліп отырған грантың құны басқа университеттермен салыстырғанда көбірек», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесінде.

Министрдің айтуынша, бұл өз кезегінде педагогикалық мамандықтар бойынша жалақының өсуіне мүмкіндік береді.

«Мұны да дұрыс түсіндіруіміз керек. Жалпы педагог мәртебесі бойынша да жалақының қазіргі уақытта өскені бәріне белгілі. Қаңтар айынан бастап 25 пайызға артты. Қыркүйек айында да жалақының біраз өсімі орын алды. Келесі жылы қаңтарда да көтеріледі. Мұның барлығы Президент тапсырмасының аясында орын алып жатыр. Бұл білім басқармасына әлде министрлікке не басқа тұлғаларға байланысты мәселе емес. Мемлекет басшысы алдыңғы жылы тамыз кеңесінде берген тапсырмасы аясында бюджеттен қырауар қаражат бөлініп жатыр»,- деді ол.

0

Пікір қалдыру