Kyzylorda-news.kz. Армениядан көлік сатып алып, сонда тіркеуге қойған Қазақстан азаматтары салық төлеуі қажет. Бұл туралы осы елдің мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисянның айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады.

Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді.

Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады. 

“Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформа құру бастамасы көтерілді. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден шығаруға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады”, – деді Армения мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Шушан Нерсисян.

Тағы да оқыңыз: