Kyzylorda-news.kz. Маусым айынан бастап Қызылорда қаласы орталығында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына «АРКАН» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғылары іске қосылған болатын.

Жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту мақсатында құрылған жылдамдық өлшегіш құрылғы 30 мың әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Айта кетейік, өлшегіш құрылғының арқасында жол көлік оқиғалары да өткен жылдармен салыстырғанда біршама азайған. Осыған орай, қалада алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Тағы да оқыңыз: