Kyzylorda-news.kz. Белкөл кентінің әкімі Ардақ Ибраимов 2021 жылы Белкөл кентінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Өткен жылы кенттегі инфрақұрылымды дамыту мақсатында жаңадан қоныстанған ауданға, сол секілді 1,9 шақырым көшеге және Бірқазан елді мекеніндегі 7,8 шақырымды құрайтын көшеге ауыз су құбыры жүргізілген.
2,9 шақырымды құрайтын өздігінен тартылған электр бағаналары мен желілері толықтай жаңартылып, демеушілірдің көмегімен Байқадам каналы арқылы өтетін көпір күрделі жөндеуден өтті.

Сонымен қатра, кент орталығынан спорттық жаттығу алаңы пайдалануға беріліп, ойын алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Халықтың сұранысына орай, биыл темір жол өткелі арқылы жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы бастау алуда. Сондай-ақ, Белкөл кенті тұсындағы ескі тұрмыстық қатты қалдықтар полигоның рекультивациялауға жоба сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары «Прикаспийское управление строительства Шымкент» ЖШС-мен жүргізілуде. Өз кезегінде, аталған құжаттар дайын болған уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, тиісті жұмыстарға қажетті қаржыны бөлу жөнінде бюджеттік өтінім ұсынылатын болады», – деді кент әкімі.

Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 255 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасауда. Өткен жылдың өзінде 41 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 81 тұрақты жұмыс орны ашылған.

Жалпы алғанда, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясында кентте 467,3 млн. теңге көлеміндегі 19 жоба мақұлданған.

Тағы да оқыңыз: