«Аралтұз» АҚ президенті: «Әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды» (видео) – Kyzylorda News
Басты бет

«Аралтұз» АҚ президенті: «Әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды» (видео)

08.01.2020, 17:20

773 0

Kyzylorda-news.kz. «Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров соңғы уақытта компания өнімінің сапасына қатысты әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының Фейсбуктегі ресми парақшасында.

«Тұз құрамында табиғи минералдардан эпсомиттер мен астраханиттерден тұратын табиғи ерімейтін тұнба бар, ағза үшін олар абсолютті бейтарап. Өңдеуге келіп түсетін шикізат экологиялық таза. Біздің өнімді Еуразиялық экономикалық қауымдастығы аумағында аккредиттелген тәуелсіз зертханалар тексереді. Зертхана тиісінше сәйкестік декларациясын берген. Ас тұзының экологиялық таза  екенін және әлемдік стандарттарға сәйкес келетінін сенімділікпен мәлімдейміз», – деді ол.

«Аралтұз» АҚ – 1925 жылдан бастап Қазақстандағы ас тұзының жетекші өндірушісі. Өнімі ел аумағында, сонымен қатар ТМД елдерінде жоғары деңгейдегі танымалдыққа ие отандық бренд. Бүгінде 1200-ден астам жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін Арал өңірінің қала түзуші кәсіпорны саналады. Тұз ҚР СТ МЕМСТ Р 51574- 2003 «Қайнатылған ас тұзы. Техникалық шарттар» стандартына қатаң сәйкестікте шығарылады. Компания ISO 9001, ISO 22000, HACCP және халал сертификаттарына ие.

0

Пікір қалдыру