Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылындағы 138 отбасыға жем таратылды.

Аудан аумағындағы қуаңшылық жағдайынан шығу үшін қомақты қаржы бөлінген Болат Өтемұратов қоры есебінен халықты жем-шөппен қамту шаралары жалғасуда.

Арал ауданына қарасты Жаңақұрылыс ауылдық округіне аталған қордан бөлінген 1250 қап жем 138 отбасына таратылып берілді.

Қиын кезеңде шаруаларға көмек қолын созған Болат Өтемұратовқа және игілікті істі ұйымдастырушыларға жаңақұрылыстықтар шексіз ризашылықтарын білдіруде.

Тағы да оқыңыз: