Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа экономикалық саясаты алдағы кезеңде, ең алдымен, барлық қазақстандықтың өмір сүруі мен әл-ауқаты жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етумен байланысты екенін атап өткен болатын. Мемлекет басшысы осы мақсатта Қазақстан даму банкінің жұмыс форматын елдегі шағын және орта бизнесті дамытуға көмектесетіндей қайта қарауды ұсынды.
Қазақстан Республикасының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грантты иеленген тұрғындар бар. Өз кезегінде аймақтағы кәсіпкерлік сала дамып келе жатқанын айта кеткеніміз жөн. Мәселен, биыл Қызылорда облысында кәсіпкерлердің саны 32,8 пайызға ұлғайған. Сәйкесінше, жұмыс істеп тұрған белсенді кәсіпкерлердің саны 39,2 пайызға артқан. Солардың бірі Арал қаласының тұрғыны, көпбалалы ана - Гүлдана Сағидуллақызы Құттықияева 2023 жылы кәсіппен айналысу мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, аяқтау туралы электрондық сертификатын алған.
Арал ауданында қазір кәсіпкерлік саласы ерекше қарқынмен дамып келеді. Мұндағы тұрғындар қазір бұл саланың қыр-сырын үйреніп, өздерінің кіші, үлкен кәсіптерін жасап, аралдықтардың қажетін өтеп жүр.
Г.Құттықияева комиссияның мақұлданған шешімі негізінде 2023 жылдың наурыз айында өзінің «Кондитерлік өнімдер дайындау» бойынша бизнес-идеясын іске асыру мақсатында 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде грант жеңімпазы атанған.
Қазіргі уақытта, қосымша жұмыс орнын ашып, бір адамды тұрақты жұмысқа қабылдап, өзінің ұйымдастыруымен кодитерлік өнімедер даярлау, кәсібін дамыту мақсатында жұмыс жасауда.
Айнұр ӘЛИ