Аралда жат ағым өкілі ұрлықпен ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Аралда жат ағым өкілі ұрлықпен ұсталды

20.04.2021, 16:25

738 0

Kyzylorda-news.kz.  Қызылордалық полицейлер кезекті ұрлық қылмысын ашты. Арал ауданы Сексеуіл кентінде белгісіз адам  сауда үйлердің біріне ұрлыққа түскен.  Ұры пластик терезесін бұзып кіру әдісін пайдаланып, кассадан 30 мың теңге және терминалды бұзып, 900 000 тенге көлемінде ақша ұрлап кеткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабының 3 – бөлігі бойынша (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде деструктивті діни ағымын ұстанушы ретінде танылған Сексеуіл кентінің тұрғыны күдікті ретінде ұсталып, Арал аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.  Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

0

Пікір қалдыру