Kyzylorda-news.kz. Арал балық инспекциясы жыл басынан бері 118 рейдтік іс-шара ұйымдастырған Табиғат заңнамасын  бұзудың алдын алу және анықтау мақсатында 290 рейд, оның ішінде 16 қылмыстық іс анықталып, ішкі істер органына жолданған. 2 іс қылмыстық құрамының болмауына байланысты 383-3 бөлігімен әкімшілік іс болып қысқартылып кері қайтарылды. Қалған 272 әкімшілік хаттамалар толтырылып, оның 55  әкімшілік  ісі сот орындарының қарауына жіберілді.

«Жыл басынан балық аулау ережесін бұзғаны үшін 217 жеке тұлғаға айыппұл салынып  94%  өндірілді. Табиғатқа келтірілген залалы үшін 120 тұлғадан 6 635,2 мың теңге талап етіліп, 2 66,3 мың теңге өндірілді. Осы заңсыз балық аулауды болдырмау мақсатында Арала-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы иснпекциясы тарапынан  үгіт- насихат,  күнделікті бақылау  жұмыстары жүргізіліп келеді. «Таза су айдындары-2021» акциясы аясында Кіші Арал теңізінде тралдау жұмыстары жүргізіліп, жағалаулар қоқыс қалдықтарынан тазартылды», – дейді Арал балық инспекциясының бас маманы Алмат Ералин .

«Уылдырық-2021» акциясы 1 мамыр мен 10 маусым (қоса алғанда) аралығында балықтардың уылдырық шашу мезгілінде балық аулауға тыйым салынып, балықшыларға үгіт-насихаттар жүргізілді.

Балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде, балық аулау мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. кәсіпшілік балық аулау;
  2.  әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
  3.  Ғылыми-зерттеу үшін аулау;
  4.  бақылау үшін аулау;
  5.  мелиорациялық аулау;
  6.  өсімін молайту мақсатында аулау;

Жоғарыда  көрсетілген балық аулау  түрлері  және оның жолдары туралы халық  арасында үгіт-насихат, түсіндірме  жұмыстары  әрдайым  жүргізіліп  келе  жатса  да  заңсыз балық аулаушылар  саны азаймай тұр.

Тағы да оқыңыз: