Аралда қалқымалы көпірдің жылжып кетуінен жол қатынасы үзілді – Kyzylorda News
Басты бет

Аралда қалқымалы көпірдің жылжып кетуінен жол қатынасы үзілді

25.11.2019, 17:00

1220 0

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы аумағындағы Сырдария өзені үстінен өтетін қалқымалы көпірдің орнынан жылжып кетті. Салдарынан үш елді мекенге жол қатынасы тоқтап тұр.

Сырдария өзені арқылы Қазалы ауданы аумағынан қалың сел тосыннан келіп, Қызылжар, Хан елді мекендері тұсында орналасқан қалқымалы көпірлердің шынжыры үзіліп кеткен. Көпір Хан ауылы тұсында 600, Қызылжар тұсында 1500 метрге дейін жылжып кетті. Салдарынан Аманөткел, Жаңақұрылыс, Қызылжар елді мекендеріне жол қатынасы тоқтап қалды.

«Қазіргі таңда Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпір орнына қойылып Жаңақұрылыс, Аманөткел елді мекендеріне жол қатынасы ашылды. Ал Қызылжар елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді орнына қоюға әзірге мүмкіндік жоқ. Себебі, дария бойында мұз байқалады. Төтенше жағдай уақытында қалқымалы көпірлердің дария бойымен ағып кетпеуіне және қайта қалпына келтіруге Қызылжар, Жаңақұрылыс, Аманөткел елді мекенінің тұрғындары және округ басшылары ұйымшылдықпен атсалысты», – дейді Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Амантай Тасқынбаев.

0

Пікір қалдыру