Аралда азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Аралда азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

20.10.2020, 10:00

249 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл еліміздегі азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толды. Осы ретте, 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай №3 аудандық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде салтанатты шара өткізілді. Аталған шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, алдымен заманауи құтқару жабдықтары мен техникалардың көрмесін аралады.

 «Еліміздің азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 25 жылдан бері халықтың қауіпсіздігін сақтау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осы уақыт аралығында төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, жедел әрекет ету қағидасы қалыптасып, тиімді жүйе құрылды. Құтқарушы – батылдықты, қырағылықты, шеберлікті қажет ететін жауапты мамандық. Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін»-деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан әкімі тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы міндетін бұлжытпай орындап, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жиенбаев Мұрат Жарылқасынұлына ҚР Ішкі істер министрлігінің I дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалін табыстады.

Жиын барысында апаттың алдын алу, төнген қатерден халықтың өмірі мен денсаулығын сақтап қалудағы қызметі үшін аудандық өрт сөндіру бөлімінің бірқатар қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

0

Пікір қалдыру