Kyzylorda-news.kz. Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылға дейін білім салысына қатысты 3 міндет қойған болатын: олар үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою мен 3 пен 6 жастағы бүлдіршіндерді толық балабақшамен қамту.
Өңір бүлдіршіндерді балабақшамен қамтылғанымен, апаттық жағдайда тұрған балабақшалар да бар. Жақында Арал ауданда жұмыс сапарымен болған облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкім Гүлшара Әбдіқалықова апатты балабақшалардың жағдайымен танысып, тиісті тапсырмалар берген болатын. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы арнайы жұмысшы топ құрып, аталған балабақша жұмысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Атап өту керек, Арал ауданында 53 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар. Олардың 20-сы мемлекеттік, 13-і жеке қалған, 20-сы мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар. Дегенмен, 3 мемлекеттік балабақша апаттық деп танылған. («Толқын», «Жазира» және «Балдырған» балабақшалары). Олардың құрылысы 1975-1976 жылдары салынған (типтік жобаға сәйкес келмейді). Бүгінде апатты деп танылып отырған 3 балабақшада 300-ден астам бүлдіршін тәрбиеленуде. Оқиға орнына жасалған зерделеу жұмыстары балабақшалардың апаттық жағдайда екенін растап отыр. Қазіргі таңда облыстық партия филиалының төрағасы, облыс әкімінің тапсырмасына орай, балаларды қауіпсіз ғимаратқа көшіру жүргізілуде.
Партиялық бақылау комиссиясы да өз тарапынан өңірдегі демографиялық көрсеткіштердің өсу қарқынын ескере отырып, жаңа балабақша құрылысын салу бойынша аудан әкімдігіне тиісті құжаттамаларды әзірлеуді тапсырды. Жалпы өңірдегі балабақшалардың жағдайы облыстық партия филиалы басышылығының жіті бақылауына алынды.