Арал ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,"AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Жайымбетов Мархабат Жайымбетұлы жуырда ашылған «Руханият» орталығының жұмысымен танысты.
Халық игілігіне берілген орталықта музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталығы мекемелері орналасқан. Ғимарат ішіндегі мұражайда 11600 экспонат сақталған.
Сонымен қатар, кітапханада 112 мың кітап қорынан тұратын 2 үлкен оқу залы жалпы 7700 оқырманды қамти алады. Сондай ақ, архив бөлімінде жалпы 233-қор дерек, 62342 – сақтау бірлігі бар. Оның ішінде елімізге белгілі тұлғалардың 24 жеке тектік қоры, 781-сурет құжаттары сақталған.
Фракция мүшесі орталықтың атына сай ұлт руханияттың алтын діңгегіне айналуын сәттілік тіледі.