Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына қарасты Шөмішкөл елді мекенінде жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді.

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысып, тұрғындарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталып, медициналық бекет халықтың дертіне шипа табатын жайлы орталық болуына тілектестігін білдірді.

Одан соң ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Айтуғанов сөз алып, тұрғындардың қажеттілігіне сәйкес жаңа ғимараттың салынуына атсалысқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Тұрғындарға дәрігерлік көмек түрлері бұрын ескі ғимаратта көрсетіліп келген болса, алдағы уақытта медициналық қызметтер мен тиісті ем-дом жасау шаралары жаңа орталықта жүргізілетін болады.

Заманауи талапқа сай салынған медициналық бекетте қабылдау бөлмесі, балаларды қарау бөлмесі, егу және екпе бөлмесі, медициналық қалдықтарды сақтау бөлмелері қарастырылған.

Тағы да оқыңыз: