Арал ауданына 3327 тонна шөп жеткізілді – Kyzylorda News
Басты бет

Арал ауданына 3327 тонна шөп жеткізілді

19.07.2021, 17:20

611 0

Kyzylorda-news.kz Арал ауданы бойынша биылғы төлді қоса есептегенде және алдағы қыста даладағы барлық малды қолға ұстау қауіпін ескере отырып, ауданға қажетті шөптің көлемі 184640 тонна болып нақтыланды.

Бүгінгі күні осы қажеттілікке сәйкес 3327 тонна шөп және 51,2 тонна жем жеткізілсе, ауданның шабындық жерлерінен 36453 тоннасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қалған 146000 тонна шөпті сырттан тасымалдау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Қазіргі таңда «Қызыл аймақ» бойынша 1410 тонна шөп және 16,2 тонна жем, «Сары аймақ» бойынша 1274 тонна шөп және 30 тонна жем, «Жасыл аймақ» бойынша 400 тонна шөп, Арал қаласы бойынша 243 тонна шөп және 5 тонна жем жеткізілген.

«Бұдан бөлек, Аманөткел ауылында 10 отбасыға 300 прес, Жетес би ауылында 50 отбасыға 700 прес, Аралқұм ауылында 26 отбасыға 650 прес, Жаңақұрылыс ауылында 16 отбасыға 500 прес, Қамыстыбас ауылында 28 отбасыға 760 прес, Бекбауыл ауылында 4 отбасыға 150 прес және Аққұм ауылдық округінде 20 отбасыға 200 прес шөп қайырымдылық көмек ретінде тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратылып берілді», – делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

0

Пікір қалдыру