Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер ақпан айының соңында ауа райы қандай боларын да айтып өтті.

“Ақпан айының үшінші онкүндігінің ортасынан бастап Қазақстан аумағы бойынша Атлантикалық циклондар сериясымен қар жауып, кей жерлерде күшті болады деп күтіледі. Оңтүстікте қар жауып, жаңбыр жауады. Тұман, көктайғақ, боран, секундына 15-25 метрге дейін жел күшеюі мүмкін”, – дейді мамандар. 

Республиканың батысы, солтүстік-батысында түнде бес градус аяз – үш градусқа дейін жылы, күндіз минус бестен плюс сегіз градусқа дейін болады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 15 градусқа дейін, күндіз 10 градус аяз болады. 

Оңтүстік, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде температура минус сегізге дейін төмендейді, ал күндіз ол 15-ке дейін көтеріледі.

Тағы да оқыңыз: