Kyzylorda-news.kz.  «Ақжол»ҚДП Қызылорда облысы бойынша  үгіт насихат жұмыстары облыс аудандарында да өтіп жатыр. Кандидаттар аудан орталығынан бөлек, ауылдарды  аралап, кәсіпорын ұжымдарымен де кездесіп жатыр.

Облысқа қарасты аудандарда көпкөлемде күріш, бидай, жоңышқа және басқа егіс түрлерін егумен қатар, асыл тұқымды қаракөл қойларын бағатын бірнеше серіктестік ұжымымен және басқа да бизнес өкілдерімен  кездесу ұйымдастырылуда.

Аудан орталықтарындағы орталық базарларда және ірі сауда үйлерінде еңбек етіп жатқан жеке кәсіпкерлермен де  кездесулер жалғасын табуда. Аудандар бойынша барлық ауылдарда үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр.Тұрғындармен «Есіктен-есікке» акциясы бойынша кездесулер болып,  оларға сайлау алды үгіт насихат парақшалары таратылып, партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірілуде.

Кандидаттар  Жаңақорған ауданында асыл тұқымды қой бағатын  «АгроСервис-Жанакорган» ЖШС ұжымымен және бірқатар сауда орындарының ұжымымен кездесулер өтсе, Шиелі ауданында  Бәйгеқұм, Ақтоған ауылдарының  тұрғындармен және Сырдария ауданының Шіркейлі ауылының тұрғындарымен кездесті.  Қармақшы ауданы бойынша да үгіт-насихат жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. Осы секілді үгіт-насихат жұмыстары мен ұжымдық кездесулер басқа да аудандарда өтіп жатыр.

Тағы да оқыңыз: