Антисептик қолданса, ораза бұзылады ма? – Kyzylorda News
Басты бет

Антисептик қолданса, ораза бұзылады ма?

21.04.2020, 12:00

1008 0

Kyzylorda-news.kz. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирустан қорғану үшін антисептик пен спирт қолдану оразаны бұзбайтынын айтты.

Бұл туралы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

«Жоқ, Алла қаласа, бұзбайды, әрине. Қазір енді біз төтенше жағдайдамыз, жай жағдай емес. Сондықтан бұл кездерде адам қорғану үшін денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта денсаулығын қорғайтын дүниелерді біздің шариғатымыз қолдайды», – деді бас мүфти.

Еске салайық, биыл қазақстандықтар үшін Рамазан айы 24 сәуірде басталады.