Kyzylorda-news.kz. Сабақ түсіндіргенде әрбір дене мүшесін талдап, ұстап, нұсқап көрсететін оның бұл қылығы балаларды таңқалдыруда.

Испаниялық ұстаз Вероника Дук – анатомия пәнінің мұғалімі. Ол сабақ барысында тоңқайып, теріс қарап, әр жерін ұстап көрсетумен оқушыларына білгенін үйретеді. Сабақ түсіндіргенде әрбір дене мүшесін талдап, ұстап, нұсқап көрсететін оның мұндай сабақ беру тәсілдері балаларды таңқалдыруда, деп хабарлайды Sn.kz.

Верониканың күйеуі оның сабақ беру барысындағы сәтін суретке түсіріп алып, Тwitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына салған. Сол сәттен бастап бүкіл әлемнің оқушылары мен ұстаздары оның сабақ беру әдісіне қызығушылық танытуда.

Вероника сабақ барысында арнайы адам мүшелерін, ағзаның ішкі құрылыстарын көрсететін киім киген. Ол кәдімгі суға түскенде киетін купальникке адам ағзаларының суретін салдыртқан. Ерекше киімді AliExpress әлемдік интернет-дүкенінің жарнамасын көргеннен кейін тапсырыс беру арқылы алдыртыпты.

Күйеуі әйелінің оқушыларға анатомияны осы киім арқылы жақсы түсіндіретінін айтады. Оның сөзінше, ең алғаш осы киімде сабақ түсіндіргенде балалар ерекше сезімге бөленіп, таңданыстарын жасырмапты.

Қазіргі таңда күйеуі әйелін “ұлы Вероника” деп атайды.

43 жастағы Дук 15 жылдан бері анатомиядан дәріс беріп келеді. Ол балаларды жаратылыстану ғылымдарына баулып, өнер, тіл бағыттарында да дәріс береді. Қазір ол 3 сынып оқушыларына сабақ беріп жүр. Балаларға үйреткендерін үнемі көздерінің алдында көрсетуге, олардың визуалициялау қабілеттерін арттыруға тырысады.

Айтпақшы, анатомия пәнінде адам мүшелері мен ішкі құрылыстары толықтай көрсетілген киім киген әйелінің суретін салған ер адамның жазбасына 65 мың адам лайк басқан және 13 мың желі қолданушы елең еткізген суреттерді бөліскен.

Тағы да оқыңыз: