Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында жиын өтті.

Жиынның қонағы республикалық іскер әйелдер қауымдастығының президенті, профессор, социология ғылымдарының докторы Раушан Сарсембаева қатысты.

Модератор өңірлік Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова ел тағдырын айқындайтын маңызды кезеңге халық болып жұмылуға шақырды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, облыстық мәслихат депутаты Сәрсенкүл Бихожа, Абылай хан атындағы №140 қазақ мектебінің директоры, қалалық мәслихат депутаты Айгүл Мұсабаева, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары Ирина Шек, Ж. Нұрманов атындағы №198 мектеп директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анжела Садықбекова, Қызылорда облысының «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік өкілдігінің төрайымы Елена Пак Ата заңға енгізіліп жатқан өзгерістер төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты.

Спикерлер референдумның маңызына тоқталып, әр баптың өзгерісіне жеке-жеке тоқталды. Атап айтқанда суперпрезиденттік басқару формасынан түпкілікті бас тарту, Президент туыстарының квазимемлекеттік сектор мен мемлекеттік қызметте басшылыққа тағайындалмайтындығы жөніндегі өзгертулерге кеңінен түсініктеме берді.

Тағы да оқыңыз: