Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған республикалық Жол картасының 110-шы пунктінде 2025 жылға дейін Қызылорда облысында 26 мәдени нысан салыну көзделген. Осы жұмыстардың орындалу барысы партия филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.

Жиын барысында өңірдегі апатты жағдайдағы, күрделі жөндеуді немесе жаңа ғимарат салуды қажет ететін мәдени нысандар бойынша жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы таныстырылып, жауапты басқарма өкілінен осы бағытта жасалған жұмыстар есебі сұралды. Сонымен қатар, партияның Сайлауалды бағдарламасында 2021-2025 жылдары аралығында өңірімізде бой көтеретін 26 мәдени нысан қай аудандарда және биылғы жылға жоспарланған 5 нысан жылдың аяғына дейін пайдалануға беріледі ме?. Осы және өзге де сауалдарға облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ерділдә Сұлтанбековтің хабарламасы тыңдалды.

Басқарма басышысының айтуынша өткен жылы Сайлауалды бағдарлама аясында облыста 4 нысан яғни, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйі, Жаңақорған ауданы Шалқия кентінде, Шиелі ауданы Жиделіарық ауылында 150 орындық ауылдық клубтарының құрылысы жүргізілген.

«Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі жанына қосымша салынған 2 қабатты ғимаратты тиімді пайдалану мақсатында Шиелі аудандық орталық және балалар кітапханалары көшіріліп, орналастырылған. Ал ағымдағы жылы Қармақшы ауданының Қуаңдария, Жаңақорған ауданының Өзгент, Жайылма, Қазалы ауданының Кәукей, Қызылорда қаласының Талсуат және Қарауылтөбе елді мекендерінде 6 мәдени нысанының құрылысы жүргізіледі», -дейді Ерділдә Сұлтанбеков.

Жалпы өңірде мәдени нысандардың жәй-күйі бойынша мәселелер аз емес. Жиын барысында комиссия мүшелері осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салып, келесі отырыстың күн тәртібін бекітті.

Тағы да оқыңыз: