Kyzylorda-news.kz. Алматыда БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологиясы таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz. 

Аударма “Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет” жобасы аясында жүзеге асқан.
Қазақ шығармаларын ағылшын, араб, орыс, француз, испан тілдеріне аудару ісі екі жыл бұрын қолға алынған және аударманың алғашқы сынақ нұсқасы былтыр таныстырылған еді. 

ҚР мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысқан бүгінгі жиында аударма жұмысы қорытындыланып, авторларға алты тілде жарық көрген шығармалары табысталды.

Әр антология 10 мың дана таралыммен жарық көрген. Жалпы саны 120 мың жинақ әлемнің 23 мыңнан аса кітапханасына, оқу орындары мен ғылыми орталықтарына жеткізілмек. 
Ақын, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер Шөмішбай Сариев бүгін өте ерекше,тарихи күн екенін айтады.

«Шығармалардың БҰҰ-ның алты тіліне аударылуы қазақ әдебиеті мерейін көтеру. Бұл ел тәуелсіздігінің арқасы және Елбасының, презмденттің әдебиетке денен қамқорлығы деп білемін. Антологияға менің де шығармаларым еніп отыр. Сонымен қатар, Рауан Кенжехан бастаған іскер азаматтарға алғыс айтамын», – дейді ақын.

Тағы да оқыңыз: