**Kyzylorda-news.kz**. Алматыда ұшақ апатынан аман қалғандардың отбасыларына көмек беру үшін есепшот ашылды. «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры көпшіліктің сұрауынан соң арнайы шот ашты. Қорға түскен қаражат зардап шеккен жолаушыларға, Алматы тұрғындарына беріледі. Қор өкілдері жұмсалатын қаражаттың ашық есебі болады деп сендірді. Қор реквизиттері: «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры БИН : 080740011034 Қор шоты: KZ826010131000165601 БИК банк: HSBKKZKX АО «Народный Банк Казахстана» КБЕ 18 КНП 119 Аталған қор төтенше жағдайлар кезінде адамдарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында құрылған. Бұл ұйым Алматыда 2011 жылы болған қатты желден, Медеу шатқалындағы өрттен кейін, Наурызбай ауданындағы селден кейін, Арыс қаласындағы жарылыстан кейін көмектескен болатын.