«Алматы-Қызылорда-Алматы» бағытындағы әуе рейсі қайта жанданды – Kyzylorda News
Басты бет

«Алматы-Қызылорда-Алматы» бағытындағы әуе рейсі қайта жанданды

14.01.2022, 15:40

276 0

Kyzylorda-news.kz. «Алматы-Қызылорда-Алматы» бағытындағы әуе қатынасы қайта іске қосылды. Қазіргі таңда «Қорқыт-ата» әуежайынан Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларына әуе рейстері кестеге сәйкес жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс пен аудан орталығын қосатын барлық бағыттағы жолаушылар тасымалы мен қалаішілік автобустар уақытылы қызмет көрсетуде. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов хабарлады.

«Қазіргі таңда өңірдегі жолушылар тасымалы қайта жанданып келеді. Облыс аумағындағы 205 елді-мекен жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілді. Ал темір жол саласы бойынша 24 жүк поездің барлық рейстері қайта қалпына келтіріліп, кестеге сәйкес жүргізілуде», – деді Мұрат Тлеумбетов.

Айта кетейік, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты барлық жолаушылар тасымалы сақтық шараларымен қамтамасыз етілді.

0

Пікір қалдыру