*Kyzylorda-news.kz. Енді Қазақстандағы «Альфа-Банк» ресми түрде Eco Center Bank деп аталады.*

Бұл туралы қазақстандық KASE қор биржасының сайтында хабарланды.

Банк биыл 13 мамырда қайта тіркеуден өткен. Енді ол «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес банкі «Eco Center Bank» АҚ деп аталады.

Eco Center Bank-ті Руслан Владимиров басқарды.

Бұған дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеген еді. Банктің бұрынғы қызметтері өзгермейді. Ал оны SDN тізімінен шығарғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің толық кешені қолжетімді болады.

Тағы да оқыңыз: