Kyzylorda-news.kz. 21-23 сәуірде солтүстік аймақтарда ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

«Көктем солтүстік аймақ тұрғындарын жылы ауа-райымен ұзақ қуантпады. 22 сәуірден бастап елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны жетеді. Ол таза арктикалық ауаны алып келеді. Қараралас жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді», – делінген хабарламада.

Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр болып, шығыста қарға ұласады.

Оңтүстік өңірлерде жылы ауа райы сақталады. Олар Оңтүстік ауа массаларының ықпалында болады. Найзағай ойнап, азын-аулақ жаңбыр жауады. Бірақ жылы ауа райы сақталады.

Тағы да оқыңыз: