Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 1-3 қазандағы ауа райы болжамын жариялады.

Метеорологтардың болжамы бойынша, аптаның соңында елдің солтүстігінде жауын-шашын болуы мүмкін.

“Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы ауа-райына Солтүстік-Батыс циклонының әсері болады. Бұл аудандарда жауын-шашын күтіледі, негізінен жаңбыр түрінде. Еліміздің батыс бөлігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі”, – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: