Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 14-16 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ресейдің арктикалық жиегі арқылы циклондар бірінен кейін бірі ығысып, атлантикалық жылы және ылғалды ауа ала келеді. Осы циклондардың әсерінен атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылжып, қар жауады, бұрқасын көтеріледі. Батыстан күшті жел соғады.

Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарында күн бұлтты, жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда – бұрқасын, оңтүстікте – тұман және көктайғақ сақталады.

Ауа массаларының батысқа ауысуы әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында – ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен жоғары, оңтүстік жартысында – нормаға жақын болады.

Тағы да оқыңыз: