Алдағы үш күнде нөсер жаңбыр жауып, күшті жел соғады – Kyzylorda News
Басты бет

Алдағы үш күнде нөсер жаңбыр жауып, күшті жел соғады

22.04.2020, 17:20

763 0

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 23-25 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіне Солтүстік циклон әсер етеді. Осылайша арты қарға ұласатын жауын-шашын болады.

Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел тұрады.

23 сәуірде кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Содан кейін ел аумағына циклонның артынан суық антициклон ығысады. Ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне алып келеді.