Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 10-13 қыркүйек күндері аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

«Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ықпал ететін болады. Олар солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жаңбыр әкеледі. Алдағы тәулікте батыста екпінді жел тұрады, дауыл соғып, қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Республиканың қалған аумағындағы ауа райын антициклон анықтайды – құрғақ әрі жылы күн райы болжанады», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: